Фото: Сауда министрлігінің баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова «Джатеко» жапон компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл туралы KAZINFORM хабарлады.

Кездесуде Қазақстанның зығыр және басқа да майларын Күншығыс еліне экспорттау мүмкіндіктері талқыланды. Жапониядағы қазақстандық зығыр майына сұраныс біз күткеннен әлдеқайда жоғары болды. Жапон тұтынушылары бұл өнімнің сапасын жоғары баға беріп отыр. «Джатеко» компаниясының директоры Антон Кимнің айтуынша, оның денсаулыққа пайдалы қасиеттері майдың ерекше танымал болуына ықпал етті.

Бүгінгі таңда қазақстандық зығыр майы жапондардың сеніміне ие болып, олардың күнделікті рационының ажырамас бөлігіне айналған. Жапонияның зығыр майына жыл сайынғы қажеттілігі шамамен 10 мың тоннаны құрайды, бұл Қазақстаннан бұған дейні жіберілген көлемінен әлдеқайда асып түседі. Сұранысты қанағаттандыру үшін «Джатеко» жақын арада қазақстандық зығыр майының импортын жылына 3 мың тоннаға дейін арттыруды, сондай-ақ сафлор және мақта майларын жеткізуді кеңейтуді жоспарлап отыр.

Кездесудің басты тақырыптардың бірі- логистика мәселесі болды. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова Қазақстан Азия елдерімен тұрақты тауар айналымын нығайтуды көздейтінін айтты. Ол көлік маршруттарын оңтайландыру және жапондық серіктестер үшін күту уақытын қысқарту мақсатында ҚР Көлік министрлігімен және «ҚТЖ» Ұлттық компаниясымен жұмыс кеңестерін өткізуді ұсынды. Бұл барлық тараптар үшін ынтымақтастықты тиімді және пайдалы етуге ықпал ететін қадамдар.

Айта кету керек, 2024 жылдың алғашқы 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстан өсімдік майларын экспорттауда елеулі өсім көрсетті. Қаңтар-тамыз айлары аралығында Жапонияға 93 тонна май экспортталып, 122,4 мың АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,5 есе көп. Экспорттың негізгі бөлігін зығыр және күнбағыс майлары құрап, Қазақстанға әлемдік нарықта тұрақты орын алуға мүмкіндік беруде. Жалпы, осы сектордағы Қазақстанның тауар айналымының жалпы көлемі 321,9 млн долларды құрап, оның ішінде 297,5 млн доллар экспортқа тиесілі болды.

Жапон нарығында үшін сафлор және мақта майлары на сұраныс туып отыр. Олардың жылдық қажеттілігі сәйкесінше 4 мың және 5 мың тоннаны құрайды. «Джатеко» компаниясы сафлор майының жеткізілім көлемін 1 мың тоннаға, мақта майын 2,5 мың тоннаға дейін арттыру ниеті бар екенін мәлімдеді. Бұл қазақстандық өндірушілер үшін жаңа мүмкіндік беріп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайта түседі.

Айжан Бижанова жапондық серіктестерге қазақстандық өнімдерге деген қызығушылықтары үшін алғысын білдіріп, Жапониямен сауда-экономикалық өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!