Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге Нара қаласында сөз сөйлеп тұрған сәтінде белгісіз біреу оқ атты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме беріп.
Киодо ақпарат агенттігі мәліметінше, Абэге жасалған шабуыл жергілікті уақыт бойынша 11.30 шамасында болған. Екі оқтың дыбысы естіліп, содан кейін саясаткер жерге құлаған көрінеді.
Ведомствоның мәліметінше, шабуылдаушы саясаткердің артқы жағынан келіп оқ атқан, оқ кеуде тұсына тиген.
Экс-премьер ауруханаға жатқызылған, бірақ саясаткердің өлі-тірі екені анықталмады, оның жүрегіне массаж жасау қажет болған. Агенттік болжамы бойынша, оқ мылтықтан атылған.
Соңғы деректерге сүйенсек, шенеунікке шабуыл жасады деген күдікті ұсталды. Оның жеке басы анықталды.
Белгілі болғандай, ол – 40 жастағы Тецуя Ямагами, экс-премьер сөз сөйлеген Нара қаласының тұрғыны болып шықты. Оның бұл әрекетінің себебі анықталған жоқ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!