2002 жылы әйгілі Усейн Болт 17 жасқа дейінгі жастар арасында әлемдік рекорд орнатқан еді. Араға 22 жыл салып оның рекордын отандасы Никеко Брамвел жаңартты, деп хабарлайды Massaget.kz.
Усейн Болт 400 метр қашықтықты 47,33 секундта жүгіріп шығып, әлемді таңғалдырған еді. Оның бұл рекордын жаңарту мүмкін еместей көрінген. Дегенмен араға 22 жыл салып отандасы бұл межені де басып озды. Ол Гренададағы Карифта ойындарында 400 метрді 47,26 секундта жүгіріп өтті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!