фото: baq.kz

Мьянмадағы магнитудасы 7,7 болатын жойқын жер сілкінісі мыңдаған адамның өмірін жалмап, бүтін бір елді мекендерді жермен жексен етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алайда табиғи апат тосын археологиялық жаңалыққа себеп болды.

Жер сілкінісінен кейін Мандалай қаласына жақын орналасқан Тада-У шаһарыныңшетінде бұрын белгісіз болған көне құрылыстардың қалдықтары жер бетіне шықты. Археологтардың айтуынша, бұл нысандар Бирманың соңғы империялық әулеті — Конбаун дәуіріне тиесілі болуы мүмкін.

Қазба жұмыстары барысында мамандар ежелгі “су сарайының” іргетастары мен тас сатыларын, сондай-ақ павильондардың нобайын анықтаған. Бұл құрылымдардың орналасуы мен архитектурасы пальма жапырағына жазылған көне қолжазбалардағы сипаттамалармен толық сәйкес келеді.

Табылған құрылымдар ежелгі жазбалардағы суреттермен сәйкес келеді. Олар Бирманың соңғы империялық кезеңіне тиесілі болуы мүмкін, – дейді Мьянма тарихы бойынша сарапшылар.

Мамандар бұл аумақ бір кездері Ратнапура Ава қаласы гүлденген кезеңде бой көтерген деген болжам айтады. Қазіргі таңда археологтар зерттеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!