20 қазан күні таңертең Гонконг халықаралық әуежайында Emirates SkyCargo компаниясына тиесілі Boeing 747-400 жүк ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
South China Morning Post жазуынша, Дубайдан ұшып келген EK9788 рейсі ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, қызметтік көлікке соғылғаннан кейін Оңтүстік Қытай теңізінің суына батып кеткен.
Алдын ала мәлімет бойынша, бір қызметкер оқиға орнында қаза тапқан, екіншісі жарақат алып ауруханаға жеткізілгенімен, көз жұмған.
Экипаждың төрт мүшесі зардап шекпей, өз бетімен эвакуацияланған.
Қазір әуежайдың солтүстік ұшу-қону жолағы уақытша жабылып, оқиғаның себептері мен экологиялық салдарына байланысты тергеу жүргізіліп жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!