Қытайдың Білім алмасу қызмет көрсету орталығы шетелдік университеттердің дипломдарын ресми түрде тану тізімін жаңартып, 270 оқу орнын алып тастады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Жергілікті БАҚ дерегінше, кей шетелдік ЖОО түлектері дипломдарын Қытайда тіркей алмайды. Ал дипломды тіркеу кейбір мемлекеттік қызметтерге емтихан тапсыру, рәсімдеу немесе белгілі бір лауазымдарға жұмысқа орналасу үшін қажет.

БАҚКО өз шешімін оқу орындарының сапасын тексеретін жоспарлы аудит қорытындысына байланыстырды. Тізімнен шығарылған оқу орындарының кейбірі деректерді жеткізбеген, кейбірі жұмысын тоқтатқан немесе талаптарға сай емес деп танылған.

Сонымен қатар, 606 жаңа университет тізімге енгізілді. Өзгерістер ең көп әсер еткен елдер қатарында АҚШ бар. Онда 63 университет тізімнен шыққан. Оңтүстік Кореядан 15, Ресейден 11 оқу орны танылудан алынды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!