Бүгінде журналистика саласы туралы түрлі пікір қалыптасқан. Кейбірі жалақының аздығынан журналистика карьера жасау үшін қолайсыз мамандық деп шешкен. Енді бірі сөз бостандығының жетіспеушілігіне наразы. Дегенмен ақпарат саласында айта да, жаза да білетін, көпшілікті ізіне ерте алатын көшбасшылар бар. Ел алдында жауапкершілік алып, саясат биігінен көрінгендер жетерлік. Біз бүгін төртінші биліктен бірінші биліктің қатарына енген тұлғалар туралы айтпақпыз.

Борис Джонсон – Ұлыбританияның премьер-­министрі

Бәріміз білетіндей, Ұлыбритания билігін патшалық отбасы тізгіндейді. Десе де бұл – тек консерватистік идея мен монархияның жалғасын табуы үшін ғана. Негізі Ұлыбритания билігі премьер министрдің қолында.

Бүгінде Ұлыбританияның премьер министрі – Борис Джонсон. Борис саясатқа келмей тұрып, “Times” журналында, сондай-ақ “The Daily Telegraph” газетінде тілшілік қызмет атқарған. Көбіне оның мақалаларын орта жастағы немесе орта жастан асқан қауым сүйіп оқыған деседі. Өзінің “Достарым менің” деп бастайтын сөзімен елдің назарын аударып, құрметіне бөленді.

Михаил Горбачев – КСРО басшысы

1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасы қай-қайсымыздың да жадымызда. Кеңес өкіметін бір уақыттары басқарған Горбачев та өзін журналистикада сынап көрген екен. Ол бір уақыттары “Комсомольская правда” газетінің редакторы болған.

Барак Обама – АҚШ­тың 44­інші президенті

Трампқа дейін АҚШ-ты басқарған ең алғашқы Американың қара нәсілді президенті – Барак Обама екені бәрімізге белгілі. Экс-президент те журналистика саласынан бейхабар емес. Обама өзін саясатта сынап көрмес бұрын “Harvard Law Review” басылымына мақалалар жазған. Өзі заңгер болған соң, заң, қылмыс тақырыбындағы өзекті мәселелерді қозғаған екен.

Уинстон Черчилль – Ұлыбританияның экс­-премьер­-министрі

Уинстон Черчилльді көбіміз батылдығымен, лидерлік ораторлық қабілетімен танимыз. Қатыгез мінезімен де біршама есте қалған. Ол өзін әскери салада көре алмаған соң, бұл сала туралы тек мақала жазуғабекінеді. Осылайша біраз уақыт Кубада “Daily Graphic” газетінде әскери корреспондент болып еңбек еткен. Тіпті кей мақалалары “The New York Times” басылымында жарияланған..

Самал ҚАЙРАТҚЫЗЫ
студент

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!