фото: depositphotos.com

14 шілде күні еліміздің бірқатар өңірінде найзағай, дауыл, бұршақ және аптап ыстық болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты мына аймақтарда жаңбыр мен найзағай болады:

Батыс Қазақстан, Солтүстік-батыс, Солтүстік облыстар, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтары.

«Солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін. Шығыста қатты жаңбыр мен шквал күтіледі», – делінген Қазгидромет хабарламасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!