Фото: istockphoto.com

16 ақпан күні елімізде ауа райы құбылмалы болады. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтілуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің бірқатар өңірінде қар мен жаңбыр жауады. Мамандардың мәліметінше, кей өңірлерде ауа райы күрт өзгереді.  Солтүстік-батыста қалың қар жауса, Оңтүстік Қазақстан облыстарында күндіз нөсер жаңбыр жауады деген болжам бар. Республика бойынша тек Шығыс Қазақстан облысында ғана жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.

Жауын-шашынмен қатар, еліміздің бірқатар өңірінде көріну деңгейі төмендеп, тұман түседі. Сондай-ақ, синоптиктер республика бойынша жел екпінінің күшеюі мүмкін екенін ескертті.

«Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады. Тек елдің шығысында ғана ауа райы қалыпты сақталады», — деп нақтылады «Қазгидромет» РМК өкілдері.

Жолдағы көріну деңгейінің нашарлауына байланысты жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге сақтық шараларын сақтау маңызды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!