фото: iStock
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстіктің таулы аймақтарында нөсер жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ оңтүстік өңірлерде бұршақ пен екпінді жел болжануда, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жауын-шашынсыз ауа райы тек батыс өңірлерде күтіледі.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер:
Алматы қ.: 7 сәуірде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Шымкент қ.: 7 сәуірде кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні – 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
7 сәуірде Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл, облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында және тау бөктерлі аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.
7 сәуірде күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні – 15-20 м/с.
7 сәуірде Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 7 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні – 15-20 м/с.
7-8 сәуірде Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.
7-8 сәуірде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
7 сәуірде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
7 сәуірде күндіз Қарағанды облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
7 сәуірде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман.
7 сәуірде түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
7 сәуірде түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
7 сәуірде Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың орталығында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
7 сәуірде түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні – 15-20 м/с.
7 сәуірде түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні – 15-20 м/с.
7 сәуірде күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні –15-20 м/с.
7 сәуірде түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.
7 сәуірде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
7 сәуірде түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні – 15-20 м/с.
7 сәуірде түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!