Фото: Pixabay
«Қазгидромет» РМК 23 маусымда елімізде ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады.
«ҚР аумағының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, атмосфералық фронттальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің батысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі, қатты жел соғады деп күтіледі. Сондай-ақ республика бойынша ортақ табиғи құбылыс – желдің екпін алуы», – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Күндіз Абай, Жетісу, Ұлытау, Алматы, Жамбыл облыстарында аптап ыстық сақталады, Павлодар, Қарағанды облыстарында қатты ыстық болады деп болжанады.
Ақтөбе, Алматы облыстарында, Ұлытау өңірінің солтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, Қарағанды өңірінің солтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақста облысының батысында, Ақмола өңірінің оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-шығысында, Маңғыстау өңірінің солтүстігінде, шығысында, Жетісу облысының шығысында, орталығында, Павлодар облысында өрт қаупі жоғары болады. Атырау облысының батысында да өрт қаупі жоғары.
Атырау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстарының солтүстік бөлігінде, Ұлытау, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе өңірінің батысында, оңтүстігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде және Абай, Жетісу облыстарының шығысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!