фото: iStock
Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында жаңбыр жауып, күн күркіреп, жел күшейеді. Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік аймақтарында ыстық және құрғақ ауа райы күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес.
Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде ауа температурасы + 14-17 ° C, күндіз + 29-31 ° C болады.
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде ауа температурасы + 20-22 ° C, күндіз + 35-37 ° C болады.
Шымкентте жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз 41 градус ыстық болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!