Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney

Қазгидромет 25 қыркүйекте Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде және таңертең тұман болады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде сынап бағаны 2 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда түнде топырақ беті қатады, сынап бағаны 2 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында, күндіз облыстың солтүстік-шығысында найзағай ойна, күн райы бұзылады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда түнде найзағай ойнайды деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында соққан желдің екпіні 15-18 м/сқұрайды. Ақтөбе облысының басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде де жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қызылорда облысының батысында, орталығында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Күндіз облыстың орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз Алакөл ауданында соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі, областың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күннің соңында найзағай ойнайды деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!