фото: Freepik
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2026 жылғы 26 қаңтарға арналған ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Дүйсенбі күні елдің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болады.
– Оңтүстік циклон және оған байланысты атмосфералық фронттар әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғады. Елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, – деп болжады «Қазгидромет».
Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, ал оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде көктайғақ болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!