Фото: Pixabay
Синоптиктер 29 шілдеде Қазақстанның барлық өңірі мен Астанада дабылды ескерту жариялады. Күн күркіреп, қатты жаңбыр, бұршақ жауады, дауылды жер тұрады, өрт қаупі жоғары болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл соғады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақмола облысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл соғады. Батыста, солтүстікте және оңтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады, кейде 23-28 м/с. Көкшетауда күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғады, түнде және таңертең тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жаңбыр, оңтүстікте бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстікте найзағай ойнайды. Батыста және солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз солтүстік, шығыс және оңтүстікте екпіні 15-20 м/с жел соғады. Петропавлда күндіз найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай облысында күндіз солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстікте, шығыста және оңтүстікте түнде найзағай ойнайды. Батыста және солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Оңтүстікте, батыста және шығыста аса жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда күндіз найзағай ойнайды.
Павлодар облысында батыста, солтүстікте және оңтүстікте қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғады. Батыста, солтүстікте және оңтүстікте оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Батыс пен шығыста жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысында батыста, солтүстікте және шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Батыста, солтүстікте және шығыста түнде ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Солтүстікте жоғары, батыста, оңтүстікте және шығыста өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда найзағай ойнайды, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.
Ұлытау облысында күндіз солтүстік жартысында қатты жаңбыр, бұршақ жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Оңтүстікте және шығыста төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз найзағай ойнайды, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысында түнде батыста, солтүстікте және шығыста найзағай ойнайды. Күндіз солтүстікте, шығыста және оңтүстікте күн күркіреп, бұршақ жауады, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, күндіз батыста, солтүстікте және оңтүстікте 15-20, екпіні 23-28 м/с. Оңтүстікте күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Шығыста әлі де жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Абай облысында түнде шығыста және оңтүстікте найзағай ойнайды. Күндіз батыста, солтүстікте және орталықта найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетеді. Оңтүстікте күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.
Ақтөбе облысында орталықта қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауып, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Оңтүстік пен шығыста аса жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде түнде найзағай ойнайды.
Атырау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Оңтүстікте, солтүстікте және шығыста төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында күндіз солтүстікте және шығыста найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Оралда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады.
Маңғыстау облысында түнде солтүстік-шығыста және орталықта найзағай ойнайды Күндіз солтүстік-шығыста желдің екпіні 15-20 м/с. Оңтүстікте, солтүстікте, батыста және орталықта өте жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысында оңтүстікте және таулы аймақтарда кей жерлерде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан екпіні 18-23 м/с жел соғады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда күндіз найзағай ойнайды, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с, төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында түнде найзағай ойнайды, оңтүстік-батыстан 18-23 м/с жылдамдықпен жел соғады, төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында шығыста, орталықта және таулы аймақтарда найзағай ойнайды. Шығыста, таулы аймақтарда батыстан 15-20 м/с жел соғады, Алакөлде екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз 35 градусқа дейін ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда түнде найзағай ойнайды, өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында солтүстікте, оңтүстікте және таулы аймақтарда найзағай ойнайды. Таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Шығыста төтенше, жоғары өрт қаупі бар. Таразда аса жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында түнде таулы аймақтарда найзағай ойнайды, күндіз солтүстікте шаңды дауыл соғады. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Өте жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкент және Түркістан қалаларында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында солтүстікте найзағай ойнайды. Түнде орталықта, күндіз орталықта, солтүстік пен оңтүстікте шаңды дауыл соғады, күндіз солтүстікте дауыл соғады. Батыстан, оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз шаңды дауыл соғады, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!