Фото © Tengrinews.kz / Турар Казангапов
Елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз жылы көктемгі ауа райы сақталады. Тек батыста және оңтүстік облыстардың таулы аудандарында жаңбыр жауып, күн күркірейді, батыста кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі, – деп хабарлайды Tengrinews.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астана – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 1 градус аяз бен 1 градус жылы аралығында, күндіз 14-16 градус жылы.
Алматы – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 24-26 градус жылы. Іле-Алатау тауларында (Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында) – жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 0-5, күндіз 12-17 градус жылы.
Шымкент – құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 27-29 градус жылы.
Ақмола облысы – жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 2 градус аяз бен 3 градус жылы аралығында, облыстың батысында, оңтүстігінде 5 градус аяз, күндіз 14-19, облыстың батысында, оңтүстігінде 6-11 градус жылы. Көкшетау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 15-17 градус жылы.
Алматы облысы – жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, батыс бағыттан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 9-14, облыс орталығында 7, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда 0-5 градус жылы, күндіз 22-27, облыстың таулы аудандарында 12-17 градус жылы. Қонаев – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, батыс бағыттан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 23-25 градус жылы.
Жетісу облысы – жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 2-7, облыстың оңтүстігінде 10 градус жылы, облыстың таулы аудандарында 2 градус аяз, күндіз 21-26, облыстың шығысында және таулы аудандарда 17 градус жылы. Талдықорған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 21-23 градус жылы.
Түркістан облысы – облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, облыстың таулы аудандарында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-17, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда 9, күндіз 25-30, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда 20 градус жылы. Түркістан – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 28-30 градус жылы.
Батыс Қазақстан облысы – түнде облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз жаңбыр, күн күркіреуі, облыстың оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін барады. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың оңтүстігінде 13, күндіз 17-22, облыстың оңтүстігінде 25 градус жылы. Орал – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 19-21 градус жылы.
Атырау облысы – облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, күн күркірейді, облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 20-25, облыстың батысында 17 градус жылы.
Атырау – құбылмалы бұлтты, аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 21-23 градус жылы.
Маңғыстау облысы – түнде облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында тұман. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыс орталығында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 18-23, облыстың батысында, орталығында 10-15 градус жылы.
Ақтау – құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді, тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 10-12 градус жылы.
Ақтөбе облысы – облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында аздаған жаңбыр. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 3-8, облыстың батысында, оңтүстігінде 11, күндіз 21-26, облыстың шығысында 18 градус жылы. Ақтөбе – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 23-25 градус жылы.
Қостанай облысы – жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 3 градус аяз бен 2 градус жылы аралығында, облыстың оңтүстігінде 5 градус жылы, күндіз 11-16, облыстың оңтүстігінде 21 градус жылы. Қостанай – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 14-16 градус жылы.
Солтүстік Қазақстан облысы – жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 2 градус аяз бен 3 градус жылы аралығында, облыстың оңтүстігінде, шығысында 5 градус аяз, күндіз 11-16, облыстың солтүстігінде, шығысында 8 градус жылы. Петропавл – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 11-13 градус жылы.
Павлодар облысы – жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз 10-15, облыстың солтүстігінде, шығысында 5 градус жылы. Павлодар – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы.
Қарағанды облысы – жауын-шашынсыз. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3 градус аяздан 2 градусқа дейін жылы, облыстың оңтүстігінде 5 градус жылы, күндіз 16-21, облыстың солтүстік-батысында 13 градус жылы. Қарағанды – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 17-19 градус жылы.
Ұлытау облысы – жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 4-9, облыстың шығысында 1, күндіз 20-25 градус жылы.
Жезқазған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 6-11 метр. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 23-25 градус жылы.
Шығыс Қазақстан облысы – жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 4 градус аяз бен 1 градус жылы аралығында, облыстың шығысында 8-13 градус аяз, күндіз 9-14, облыстың шығысында 3 градус жылы. Өскемен – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 4-9 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 9-11 градус жылы.
Абай облысы – жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3 градус аяздан 2 градусқа дейін жылы, облыстың оңтүстігінде 5 градус жылы, күндіз 10-15, облыстың оңтүстігінде 18-23 градус жылы.Семей – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 4-
9 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы.
Қызылорда облысы – таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 9-14, күндіз 25-30 градус жылы. Қызылорда – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 28-30 градус жылы.
Жамбыл облысы – облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр, күндіз күн күркірейді. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, түнде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда 6, күндіз 21-26, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда 18 градус жылы. Тараз – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 22-24 градус жылы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!