Фото: pixabay.com
«Қазгидромет» мамандары еліміздегі сәуір айына арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжам бойынша, кей өңірлерде әлі де қар аралас жаңбыр жауса, кей өңірде + 32°С-қа дейін жылиды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Синоптиктердің айтуынша, сәуір айында ел аймақтары жыли бастайды. Қазақстанның солтүстігінде ауаның орташа тәуліктік температурасының 0°С-қа жетеді. Ал елдің оңтүстігінде +10°С-тан жоғарылайды.
«Сәуірдің бірінші онкүндігінде елдің солтүстік жартысында түнде жауын-шашын болады. Қар аралас жаңбыр, көктайғақ, күндіз нөсер жауын, оңтүстік өңірлерде найзағай болады деп болжанып отыр. Бұл ретте республика бойынша жел 15-20 м/с күшейеді. Ал түнде және таңертең тұман түседі», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Сәуір айында:
- елдің батысында түнде +8 +13°С-тан -3 +8°С-қа дейін, күндіз +18 +25°С-тан +11 +16°С-қа дейін, оңтүстік-батыста күндіз ауа + 20 + 28°С-қа дейін;
- солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, шығыста түнде -5 +5°С-тан +3 +8°С-қа дейін, күндіз +8 +13°С-тан +15 +22°С-қа дейін;
- республиканың оңтүстігінде түнде +2 +10°С-тан +10 +15°С-қа дейін, күндіз +18 +25°С-тан +25+ 30°С-қа дейін.
- республиканың оңтүстік-шығысында түнде -5 +5°С-тан +7 +12°С-қа дейін, күндіз +12 +20°С-тан +18 +27°С-қа дейін жылынады.
Сәуірдің екінші онкүндігінде елдің солтүстік жартысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болжанып отыр. Ал үшінші онкүндікте нөсер жаңбыр жауады.
Елдің көп бөлігінде ауа температурасы түнде +5 +13°С-тан -3 +5°С-қа дейін, күндіз +15 +25°С-тан +8 +13°С-қа дейін ауытқиды.
Оңтүстік өңірлерде және республиканың батысында күндіз ауа +23 +32°С-қа дейін жылиды. Дегенмен +10 +18°С температуралық фондағы салқын күндер де болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!