Фото: riac34.ru

Қазгидромет мамандары Қазақстан аумағы бойынша 1-3 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Ел аймақтарында алдағы күндері ауа температурасы көтеріліп, күн ысиды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

Көптеген өңірлерде өткінші жаңбыр жауып, найзағай, жел күшейеді. Еліміздің оңтүстік-батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Температуралық фонға келcек, республиканың солтүстігінде және орталығында ауа температурасы 17-27 градус көтеріледі. Ал еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы 27-35 градусқа дейін біртіндеп көтерілмек. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!