Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 16 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Оған сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде дауылдық ескерту жарияланған, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

16 маусымда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

16 маусымда күндіз Атырау облысының шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Жексенбі күні таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстік жартысында найзағай күтіледі. Қостанай қаласында күндіз найзағай, 35 градус қатты ыстық болады.

16 маусымда Астана қаласында күндіз найзағай, бұршақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа, солтүстікке ауысады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Өңірдің оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

16 маусымда Ұлытау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында бұршақ болады. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

16 маусымда күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-40 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың жағалауында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысының солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

16 маусымда күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады. Найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады. Найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

16 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында, найзағайда екпіні 15-20 м/с.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!