Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды  Qaz365.kz. 

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері  2 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

“2 маусымда батыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Батысында, солтүстік-батысында қатты ыстық басылады деп күтіледі. ҚР қалған аумағында ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтілуде, күндіз еліміздің орталығында, оңтүстігінде 35-40 градус қатты ыстық болады деп болжанып отыр”, — делінген хабарламада.

Атмосфералық фронттардың өтуімен еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы болжанады: жаңбыр мен найзағай, екпінді жел, күндізгі уақытта бұршақ күтіледі. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!