фото: Pixabay.com

Синоптиктер Қазақстанның үш ірі қаласындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 8 қыркүйекте Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Желдің екпіні 20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +10…+12 °С, күндіз +15…+17 °С болады.

Алматыда бұл күні құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Күндіз желдің екпіні 13 м/с дейін жетеді. Температура түнде +17…+19 °С, күндіз +29…+31 °С.

Шымкентте де құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде жел 20 м/с дейін күшейеді. Температура түнде +18…+20 °С, күндіз +28…+30 °С болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!