Фото: canva
Синоптиктер 9 шілдеде еліміздің 17 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38-42 градусқа дейін ыстық болады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде нөсер жаңбыр, күндіз бұршақ жауады, дауыл күтіледі. Найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық болады.
Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, тауларда екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды облысының шығысында, орталығында, солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Жамбыл облысының тауда нөсер жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда секундына 15-20 метрге жетеді.
Ұлытау облысының шығысында найзағай ойнайды.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 секундына метрге жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Жетісу облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с болады.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, түнде нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстіктен жел соғады, күші облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Астанада түнде және таңертең тұман түседі.
Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта нөсер жаңбыр жауадыі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстын жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні секундына 18-23 метрге жетеді.
Алматыда кей уақытта найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 18 метрге жетеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!