Қазгидромет 22, 23, 24 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы күндері циклондар әсерінен жауын-шашын жауады.
«Батыста, солтүстік-батыста жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын жауады. Жауын-шашынмен бірге ауа температурасы көтеріледі, тіпті солтүстік аймақтарда күндіз төмен температура болжанады», – деп жазылған хабарламада.
Елдің оңтүстік-шығысы мен шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!