Фото: Tengrinews.kz / Алихан Сариев
Синоптиктер 7, 8, 9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Республиканың басым бөлігіне солтүстік циклон әсер етеді. Сондықтан тұрақсыз ауа райы күтіледі.
- Еліміздің шығысында қатты қар жауады, бұрқасын күтіледі.
- Оңтүстік өңірлерде жаңбыр соңы қарға ұласады, таулы аудандарда қатты жауын-шашын жауады.
- Шығыс, оңтүстік және орталық аймақтарда көктайғақ болады деп болжанып отыр.
- Елдің батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
«Ауа температурасы түнде елдің батысында 5-13 градус аязға дейін, солтүстік-батыста 13-25 градус аязға дейін, еліміздің солтүстігінде 20-25 градус аязға дейін, Қазақстанның орталығында 15-28 градус аязға дейін, республиканың шығысында 18-26 градус аязға дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде 8-21 градус аязға дейін біртіндеп төмендейді», – деп жазылған хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!