KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК синоптиктері республика бойынша 25, 26 және 27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы күндері атмосфералық фронтальды бөліктер еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 26 қыркүйекте батыста, солтүстік-батыста, 27 қыркүйекте солтүстікте, солтүстік-батыста қатты жаңбыр, бұршақ, дауылдық жел болжанады. Республика бойынша жел күшейіп, шығыста және оңтүстік-шығыста түнгі және таңғы уақытты тұман түседі.
Ауа температурасы:
Батыс өңірде түнде 12–17-ден 2–7 жылылыққа дейін төмендейді, батыс пен солтүстікте 2 градусқа дейін үсік жүрсе, күндіз 20–28-ден 10–23 °С жылы болады.
Солтүстік-батыста түнде 7–15-тен 3–11 жылы, күндіз 23–29-дан 10–18°С жылы болады.
Солтүстікте түнде 10–16 °С және 5–13 °С аралығында жылы болады, күндіз 20–28-ден 12–25 °С жылы болады.
Орталықта түнде 5–13, күндіз 20–25 градус жылы болады.
Шығыста түнде 0–8-ден 7–15 °С жылы болады, солтүстік пен шығыста 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 15–25-тен 20–28 градусқа дейін жылы болады.
Оңтүстікте түнде 5–15, күндіз 25–30°С-қа дейін жетеді.
Оңтүстік-шығыста түнде 5–13-тен 7–15 °С жылы болса, күндіз 15–27-ден 22–30 °С ыстық болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!