Фото: Ағыбай Аяпберегнов / Kazinform

«Қазгидромет» РМҚ 9-11 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды KAZINFORM.

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып сақталады, жаңбыр жауады.

9 сәуірде республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында, 10 сәуірде батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында найзағай, бұршақ жауып, екпінді жел тұрып, жаңбыр жауады. Түнгі уақытта солтүстік-батыс пен солтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады, ал 11 сәуірге қараған түні елдің шығысында қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ болады.

Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман болады.

Солтүстік, солтүстік-батыс, орталық және шығыс өңірлерде ауа температурасының төмендеуі күтіледі:түнде 0–8 градус жылыдан 0–5 градус аязға дейін,күндіз 10–23 градустан 7–15 градусқа дейін.

Елдің қалған аумақтарында ауа температурасы көктемге тән жайлы деңгейде сақталады. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!