Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жасады. Мамандардың мәліметінше, Қазақстанда ауа тепературасы біртіндеп төмендей бастайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктер болжамынша, 22-24 тамызда Қазақстанның кей өңірлерінде қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді және бұршақ жауады.

23 тамызда антициклон әсерінен Қазақстан бойынша жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы тіпті оңтүстік өңірлерде ауа температурасы +23…+28 градусқа дейін төмендейді.

Еске салсақ, бұған дейін синоптиктер елімізде күзде ауа райы қандай болатынын болжады. Қыркүйектің бірінші онкүндігінде күн жылы болып, жауын-шашын аз түседі. Содан кейін атмосфералық фронттардың жиі өзгеруі республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райына алып келеді.

Жалпы, мамандар қыркүйекте жаңбыр жауып, екпінді жел соғып және ауа температурасының жиі өзгеретінін айтты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!