Фото: unsplash

Синоптиктер Zakon.kz тілшісіне Қазақстан тұрғындарын алдағы үш күнде – 2024 жылғы 22 маусым мен 24 маусым аралығында қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтып берді.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады, кей өңірлерде қатты нөсер жауады.

«Жақын күндері Қазақстанның бүкіл аумағы дерлік циклондық белсенділіктің ықпалында болады – найзағай ойнап, екпінді жел соғады, еліміздің батысында, солтүстігінде және солтүстік-батысында бұршақ жаууы мүмкін. 22-23 маусымда республиканың батысында, 22-24 маусымда солтүстік-батыста, 22 маусымда солтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп күтілуде», – делінген хабарламада.

Синоптиктер күндіз ауа температурасының көтерілуі күтілетінін де атап өтті:

  • республиканың батысында +25+35°С дейін,
  • шығыста +31+39°С дейін,
  • солтүстік-батысында +22+30°С дейін төмендейді,
  • оңтүстігінде +30+38°С дейін,
  • оңтүстік-шығыста +25+38°С дейін,
  • солтүстікте, орталықта +23+36°С-тан +28+38°С-қа дейін тербеліс.

Бұған дейін синоптиктер 2024 жылдың 21 маусымы, жұма күні Қазақстанның бес қаласында зиянды қоспалардың жоғары деңгейі күтілетінін ескерткен болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!