«Қазгидромет» мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz  интернет порталы.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанда жаз мезгілі тұрақсыз сипатқа ие болып отыр. Циклондар мен оларға тән атмосфералық фронттар ел аумағында үздіксіз ауысып, ауа райының құбылмалы болуына әсер етуде. Алдағы күндері солтүстік-батыс бағытынан келетін жаңа циклон салдарынан найзағайлы жауын-шашын күтіледі. Бұл құбылыс Қазақстанның батыс, солтүстік және шығыс өңірлерінде қатты жаңбырмен жалғасып, кейбір аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік өңірлерде күндізгі ауа температурасы 20-28 градус аралығында сақталса, оңтүстік өңірлерде біртіндеп төмендеу байқалады. Дегенмен, 7 маусым күні түстен кейін термометр көрсеткіштері 27-35 градусқа дейін көтерілмек. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!