Фото: скрин

Бүгін қалада ауа райы бұлтты, күні бойы жаңбыр жауды. Таулы аймақтарға қар түсті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

«Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының базалық бекеттерінде орнатылған бейнекамералар Богданович мұздығын қар басып қалғанын желіде көрсетті.

Іле Алатауының орта таулы және биік таулы аймақтарында, атап айтқанда, 2500 метрден жоғары биіктікте жауын-шашын түсті: жаңбыр бұрқасынға айналған. Синоптиктердің айтуынша, бұған солтүстік-батыстағы суық ауа мен атмосфералық фронт себеп болған.

Бұған дейін «Қазгидромет» Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жариялаған еді, сондай-ақ еліміздің кейбір аймақтарында жаңбыр жауып, үсік жүреді деп болжаған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!