Сурет: pixabay
Синоптиктер аптап ыстыққа байланысты бірнеше өңірде ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлытау облысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күңдіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды облысында 35 градус, оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында, шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында 40 градус қатты ыстық күтіледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!