Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызмет

«Қазгидромет» РМК мамандары Қазақстан аумағы бойынша 2024 жылғы 20-22 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның батысында бірнеше күн бойы қалыптасқан аптаптың беті қайтады, 22 маусымда жауын-шашынның әсерінен ауа температурасы өзінің климаттық қалпына оралады.

«Еліміздің солтүстігі мен орталығында жауын-шашын аздап тоқтағаннан кейін, жаңбыр жауады, найзағай, кейбір аймақтарда қатты жаңбыр, бұршақ және қатты дауыл болжанады. Ал республиканың оңтүстігіндегі таулы аудандарда күндізгі конвекция әсерінен әлі де тұрақсыз ауа-райы болады. Тек шығыс аймақтарда айтарлықтай жауын-шашын болмайды», – дейді мамандар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!