«Қазгидромет» синоптиктері 2026 жылғы ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, ақпанда қысқы суық сақаталады, алайда ай аяғына қарай күн айтарлықтай жылынады.

Ауа температурасы

Елдің басым бөлігінде аяз сақталады. Солтүстік пен шығыста -13-тен -18 градусқа дейінгі суық, ал елдің ең оңтүстігінде шамамен +3 градус болады.

Ай аяғына қарай ауа температурасы көтеріледі:

  • оңтүстік және оңтүстік-шығыста: 3–3,8 градусқа;
  • басқа өңірлерде: 0,5–1,5 градусқа.

Түркістан облысының оңтүстік аудандарында ақпанның бірінші жартысында ауа температурасы 0 градустан плюс мәндерге ауысады деп күтіледі.

Жауын-шашын

Көптеген өңірде 6-дан 27 миллиметрге дейін жауын-шашын болжанады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыстың таулы және тау бөктері аймақтарында – 30–110 миллиметр.

Солтүстікте жауын-шашын негізінен қар түрінде түссе, оңтүстікте – қар мен жаңбыр аралас болады. Түркістан облысында жауын-шашынның шамамен жартысы аралас түрде жауады.

Жауын-шашынды күндер саны:

  • орта есеппен 10–12 тәулік;
  • шөлді аймақтарда – 6–7 тәулік.

Ақпанның аяғына қарай қардың қалыңдығы:

  • солтүстікте: 15–35 сантиметр;
  • оңтүстікте: 3–15 сантиметр;
  • таулы аймақтарда: 70 сантиметрден 2 метрге дейін жетеді.

Оңтүстікте тұрақты қар жамылғысы әдетте ақпанның екінші жартысында бұзыла бастайды.

Жел және басқа да құбылыстар

Желдің орташа жылдамдығы:

  • елдің басым бөлігінде: секундына 4,5–7,5 метр;
  • оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыста: секундына 1–4,3 метр;
  • жекелеген аймақтарда (Каспий маңында, Мұғалжар таулары ауданында, асуларда): секундына 6–9,5 метрге дейін.

Сондай-ақ боран, көктайғақ және тұман болуы мүмкін, әсіресе солтүстік және таулы өңірлерде. Оңтүстікте қысқы найзағай болуы ықтимал.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!