Синоптиктер 1, 2, 3 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мамандардың айтуынша, демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны әсер етеді. Соның әсерінен қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын жауып, боран соғып, жел тұрып, тұман және көктайғақ болады. 1 ақпанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында ғана қалың қар жауады, ал республиканың оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауы райы сақталады.

  • Түнгі уақытта Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында температура -15-тен -28 градустан бастап 0-18 градус аязға дейін өзгереді.
  • Күндіз солтүстік және солтүстік-батыс облыстарда температура -4-тен +2 градусқа дейін жылынады деп күтіліп отыр.
  • Елдің шығысы мен орталығында күндіз температура 0-ден -11 градусқа дейін болады.
  • Елдің батысында түнде -8-ден +2 градусқа дейін болады, ал күндіз температура 0-ден +10 градусқа дейін болады.
  • Оңтүстікте түнде температура -2-ден -13 градусқа дейін, ал күндіз -2-ден +7 градусқа дейін ауытқиды.
  • Оңтүстік-шығыс аймақтарда түнде температура -5-тен -15 градусқа дейін, таулы аймақтарда -17-ден -25 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз температура -7-ден 0 градусқа дейін болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!