Фото: pixabay.com

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің екі облысында автожолдарда қозғалысқа шектеу енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қостанай облысы полиция департаментінің хабарлауынша, келесі республикалық автожолдарда қозғалысқа шектеу енгізу жоспарлануда:

  • 9 қарашада сағат 19:00-де Қостанай облысында «Қостанай-Әулиекөл-Сурған» Республикалық маңызы бар автожол учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін 7-232 км; 
  • 9 қарашада 19:00-де Қостанай облысында «РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы» Республикалық маңызы бар автожол учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін 555-729 км;
  • 9 қараша 19:00 Қостанай облысында «Жезқазған-Петропавл» республикалық маңызы бар автожол учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін 252-377 км жол жабылды.

«Жолдардың ашылуының болжамды уақыты 10 қарашада сағат 9:00-де», – деп хабарлады департамент.

Ақмола облысының полиция департаменті де жолдардағы шектеулерді ескертті:

  • сағат 19.00-де «Астана-Петропавл»автожолы жабылады;
  • сағат 20.00-де «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолы, «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолы, «Екатеринбург-Алматы» автожолы, «Екатеринбург-Алматы» автожолы, «Екатеринбург-Алматы»автожолы жабылмақ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!