Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. «Қазгидромет» РМК 16 қазанға осындай ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз, бірақ салқын ауа райы болады. Кей өңірлерде тұман түсіп, жел күшейеді.
Елдің солтүстігі мен орталығында, соның ішінде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар жәнеҚарағанды облыстарында жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы -3…-10°С дейін төмендеп, күндіз +3…+9°С шамасында жылы болады. Астанада түнде -5…-7°С, күндіз +7…+9°С күтіледі.
Шығыс өңірлерде – Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей аймақтарда тұман түседі. Түнде сынап бағаны -6…-11°С дейін төмендеп, күндіз +2…+6°С жылы болады.
Батыс пен оңтүстік-батыста, соның ішінде Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында күн жылырақ, түнде +2…+10°С, күндіз +13…+20°С аралығында. Кей жерлерде аздаған жаңбыр жауып, тұман түсуі мүмкін.
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста – Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында күнашық, жылы ауа райы сақталады. Күндіз +17…+27°С жылы, кей жерлерде желдің жылдамдығы 20-23 м/с дейін жетуі ықтимал.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!