Фото: pixabay
KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы шілденің 8-сі күнгі күн райы болжамын жариялады.
Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне орай найзағай ойнап, бұршақ жауады және дауыл тұрады, жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде, орталығында, шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, орталықта түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Ақтөбе облысының батысында қатты ыстық сақталады.
Атырау облысының солтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.
Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында, Ұлытау облысында, Қостанайдың оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!