фото: istockphoto.com
«Қазгидромет» РМК бүгінге, 8 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
Циклон және оған байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның басым бөлігінде, әсіресе орталық және шығыс аймақтарында қатты жаңбыр әкеледі. Республика бойынша желдің күшеюі және тұман болжануда, – деп хабарлады синоптиктер.
«Қазгидромет» РМК бүгін елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!