фото: freepik
«Қазгидромет» РМК бүгінге, 28 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің болжамынша, бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт өзгеріп, найзағай, дауыл, бұршақ және қатты жел болуы ықтимал.
Астанада найзағай, бұршақ және екпіні 20 м/с дейін жететін дауылды жел болады.
Алматыда күндіз найзағай күтіледі.
Шымкентте желдің екпіні 20 м/с-ке дейін жетуі мүмкін, өрт қаупі жоғары.
Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында найзағай, бұршақ, екпінді жел, кей жерде тұман, 35–38°С дейінгі аптап ыстық, жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай, Жетісу, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында тау бөктерлерінде найзағай, 15–30 м/с дейінгі екпінді жел, кейбір аумақтарда бұршақ жаууы мүмкін.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, Ұлытау, Қызылорда облыстарында дауылды жел, найзағай, жоғары температура және өрт қаупі сақталады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!