Фото: depositphotos.com

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 6 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақтөбе облысының солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік болады. Өңірдің батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. 

Атырау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысында жел солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қарағанды облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Павлодар облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.Ауа райыСолтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Қостанай облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-батысында топырақ бетінде 1 градус үсік болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі, областың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жөғары өрт қаупі сақталады.

Алматыда күннің соңында найзағай ойнайды.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!