Фото: istockphoto.com

Бүгін ел аумағында ауа райы құбылмалы болмақ. Кей аймақтарда күн бұлттанып, найзайғай ойнауы ықтимал. Сондай-ақ бірнеше өңірде өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұлытау облысы

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, орталығында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 17 маусымда күндіз найзағай, 36 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысы

Түнде Қарағанды облысының шығысында, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 17 маусымда күндіз найзағай күтіледі.Түнде және таңертең тұман.

Атырау облысы

Күндіз Атырау облысында 35-39 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 42 градус өте қатты ыстық сақталады.

Алматы облысы

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. 17 маусымда облыстың басым бөлігінде жоғары, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысы

Түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетау қ.: 17 маусымда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысы

Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысы

Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде 36-41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың жағалауында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 17 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысы

Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 17 маусымда күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысы

Күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Қостанай қ.: 17 маусымда күндіз найзағай күтіледі.

Павлодар облысы

Павлодар облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Павлодар қ.: 17 маусымда танертең және күндіз найзағай күтіледі.

Абай облысы

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сакталады. Семей қ.: 17 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз назағай кезінде екпіні 15-18 м/с.

Астана

Астана қ.: 17 маусымда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Ақтөбе қ.: 17 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 36-38 градус қатты ыстық сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 17 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ.: 17 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-18 м/с.

Түркістан облысы

Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде найзағайда, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз найзағайда 15-20, екпіні 23 м/с. Петропавл қ.: 17 маусымда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағайда екпіні 15-20 м/с.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!