Фото: istockphoto.com

Елдің солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай күтіледі, ал батыста күн ашық болады. Шығыс және оңтүстік өңірлерде құрғақ ауа райы сақталып, күн ашық, желдің күшеюі ықтимал, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қарағанды облысы

Түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Алматы облысы

Алматы облысының батысында, солтүстігінде жоғары, облыстың ортылығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысы

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында найзағай күтіледі. Күндіз облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 11 қыркүйекте шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы

Түнде және таңертен Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Абай облысы

Түнде және таңертен Абай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысы

Ттүнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысының жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталықта екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 11 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысында шығыстан жел соғады, күндіз орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысы

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 11 қыркүйекте түнде және таңертең найзағай күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жамбыл облысы

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман, күндіз найзағай күтіледі. 11 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында таңертең және күндіз 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 11 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысы

Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысы

Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 11 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысы

Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қауіпі, областың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады

Түркістан облысы

10-11 қыркүйекте Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Шымкент қ.: 10-11 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Түркістан қ.: 10-11 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Ақтөбе облысы

09-11 қыркүйекте Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!