фото: istockphoto.com

Бүгін, 21 мамырда Қазақстанның бірқатар қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, зиянды заттардың атмосферада шоғырлануына себеп болатын метеожағдайлар Қарағанды, Балқаш, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Ақтөбе, Шымкент және Алматы қалаларында болжануда.

Қолайсыз метеожағдайлар – бұл атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін ауа райы факторларының жиынтығы. Оларға желдің болмауы, әлсіз жел, тұман, инверсия және басқа да қысқа мерзімді құбылыстар жатады. Мұндай жағдайлар кезінде қалаларда ауа сапасы нашарлап, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Атмосфераның ластану деңгейі көбіне ауа температурасы, жауын-шашын, желдің бағыты мен күші сияқты синоптикалық факторларға байланысты болады. Осыған орай мамандар тұрғындарға ауа сапасына мұқият болуға және қажет болған жағдайда алдын ала сақтық шараларын қабылдауға кеңес береді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!