фото: BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев
«Қазгидромет» РМК бүгін, 4 сәуір күні Қазақстанның 15 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің болжауынша, елдің бірқатар аймағында нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ, тұман және қатты жел күтіледі.
Жетісу облысыныңсолтүстігі мен оңтүстігінде, сондай-ақ Талдықорған қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысыныңбатысы мен солтүстігінде күндіз найзағай күтіледі, ал шығыс бөлігінде тұман болуы мүмкін. Желдің екпіні кей жерлерде секундына 15 метрге дейін жетеді.
Атырау облысыныңсолтүстігі, оңтүстігі және шығысында тұман түседі. Атырау қаласында да түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі.
Ақтөбе облысыныңшығысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай болжануда. Кей жерлерде нөсер жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.
Ұлытау облысыныңбатысында, солтүстігінде және орталығында найзағай күтіледі. Желдің екпіні кей жерлерде 23 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.
Қызылорда облысыныңсолтүстігі мен орталығында түнде қатты жаңбыр жауады. Кей аймақтарда найзағай мен дауыл болуы мүмкін. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысыныңтаулы аймақтарында күндіз нөсер жаңбыр жаууы мүмкін. Облыстың оңтүстігі, батысы және таулы өңірлерінде найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Шымкент пен Түркістан қалаларында да найзағай мен қатты жел болжанып отыр.
Маңғыстау облысыныңоңтүстік-батысында күннің екінші жартысында жаңбыр мен найзағай болуы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысыныңбатысы мен солтүстігінде тұман күтіледі, ал күндіз кей жерлерде найзағай болуы мүмкін.
Жамбыл облысыныңбатысы, оңтүстігі және таулы аймақтарында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болжануда. Тараз қаласында күндіз жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысыныңсолтүстігі мен шығысында түнгі және таңғы уақытта тұман болуы мүмкін.
Қостанай облысындажаңбыр, найзағай, кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі.
Ақмола облысыныңбатысы, солтүстігі және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және шаңды дауыл болуы ықтимал. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Синоптиктер тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын сақтауды ескертеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!