Фото: pixabay
Синоптиктер Қазақстан аумағында қар жамылғысы сақталған аумақ 3%-ды құрайтынын айтады. Сондай-ақ алдағы аптада бірқатар өңірде жауын-шашынның болатыны болжанады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Қазгиромет» РМК-ның гидрологиялық болжамына сәйкес, қар жамылғысы, негізінен, Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Түркістан, Алматы мен Жетісу облыстарының жыраларында, орманды және таулы аймақтарында сақталған.
Синоптикалық болжамға сәйкес 20-26 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, тек кей күндері жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
«Жаңбыр жауады, кезеңнің басы мен ортасында Шығыс Қазақстан облысында, кезең аяғында Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, Абай облысында түнгі сағаттарда жаңбыр қарға ұласады. Мәселен, 22-24 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында, 25-26 сәуірде Қостанай, Павлодар облыстарында, 25 сәуірде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Абай облыстарында», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Ал 23, 25 сәуірде Жамбыл облысында, 26 сәуірде Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында қатты жаңбыр жауады деп болжанады.
Алдағы тәуліктерде еліміздің басым бөлігінде ауа температурасында ауытқулар болады, негізінен, сынап бағаны шамалы төмендейді. Мысалы, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде -2 градус суық болады. Сол секілді оңтүстік-шығыс өңірде түнде сынап бағаны 0-ге дейін төмендейді. Шығыс өңірде де түнде сынап бағаны -3 градус суықты көрсетеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!