Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде қар жауып, кей аймақтарда көктайғақ болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Қазгидромет»-тің хабарлауынша, солтүстік-батыс және шығыс өңірлерде қар жауса, оңтүстік-батыста қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Тек еліміздің оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Синоптиктер батыста бұрқасын, тұман, екпінді жел және көктайғақ болатынын ескертеді.
Түнде орталық пен шығыста 20-25 градус аязға дейін ауа температурасы төмендеуі мүмкін. Ал қалған аумақтарда температуралық фонда өзгеріс болмайды», – деді «Қазгидромет» РМК инженер-синоптик Назерке Сүгірәлі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!