фото: Видео кадры

20 шілдеде Камчатка жағалауында магнитудасы 7,4 болатын жойқын жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жоғары магнитудалы жер сілкінісі Тынық мұхитта, Ресейдегі Комсомольск-на-Амур қаласынан (халқы – 275 000 адам) шығысқа қарай 1641 шақырым жерде және Петропавловск-Камчатский қаласынан (187 000 адам) шығысқа қарай 136 шақырым жерде, жергілікті уақытпен сағат 16:49-да (Астана уақытымен 12:49-да) тіркелген.

Бұл қалалардың тұрғындары жер асты дүмпулерін сезген. Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түспеді.

Жер сілкінісінен кейін бірнеше дүмпу болған. Ең төменгі магнитудасы – 6 балл.

Сонымен қатар, Тынық мұхиты цунамиден қорғау орталығы Камчатка түбегінде бірнеше жер сілкінісінен кейін цунамидің болуы мүмкін екені туралы ескерту жариялады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!