Фото: primeminister.kz

Жер сілкіністері бір-біріне жақын жеті сағаттық айырмашылықпен тіркелді. Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы хабарлады, деп жазады lada.kz.

Мамандардың айтуынша, магнитудасы 3,1 болатын алғашқы жер сілкінісі 19 қазанға қараған түні, таңғы сағат 02:02-де тіркелген.

Дәл осындай магнитудадағы екінші дүмпу түскі сағат 11:39-да болды.

Екі жер сілкінісінің ошағы да 68 шақырым тереңдікте жатыр.

Бірінші эпицентрдің координаттары – 40°35′24 с.е, 51°40′48 ш.б. Екіншісі – 40°26′24 с.е, 51°55′48 ш.б.

Бүгін Ташкент маңызда жер сілкінісі болғанын хабарладық. 

Сейсмологиялық мониторинг республикалық орталығының мәліметінше, зілзаланың эпицентрі Ташкент облысындағы Уртачирчик ауданында болған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!