фото: istockphoto.com
25 шілдеде еліміздің бірнеше облысында күн күркіреп, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Кей өңірлерде шаңды дауыл тұрып, найзағай ойнайды. Синоптиктердің болжамы бойынша, республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарында 40 градусқа дейін аптап ыстық болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарында 40 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Талдықорғанда 25 шілдеде күндіз 36-38 градус қатты ыстық болады.
Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Алматыда 25-28 шілдеде күндіз 35-36 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында 25-28 шілдеде күндіз 36-38 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының шығысында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында күндіз жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 25 шілдеде күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, шаңды дауыл болады. Жел батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с. Қызылордада 25 шілдеде күндіз найзағай, шаңды дауыл болады. Жел батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Оралда 25 шілдеде күндіз бұршақ, дауыл болады. Найзағай ойнайды Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 25 шілдеде күндіз найзағай ойнайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 36 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 25 шілдеде таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, облыстың оңтүстігінде, шығысында дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда 25 шілдеде таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл тұрады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтауда 25 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. Таразда 25 шілдеде күндіз 39 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 40-42 градус қатты ыстық болады. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 25 шілдеде күндіз 40 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 25 шілдеде күндіз шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл болады. Найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 25 шілдеде найзағай ойнайды.
Павлодар облысының күндіз батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде нөсержаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, 15-20, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі бар. Петропавлда 25 шілдеде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде 25 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. Семейде 25 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыс бойынша найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 25 шілдеде таңертең және күндіз найзағай ойнайды.
Астанада найзағай ойнайдыі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!