Фото: pixabay.com
Қазгидромет Қазақстан аумағы бойынша 15-17 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Ел аймақтарында күн суи бастайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Синоптиктердің мәліметінше суық антициклон еліміздің солтүстік аймақтарына әсерін тигізеді. Жауын-шашын тоқтағанына қарамастан, термометр бағандары алдағы түндерде теріс температураны көрсетеді. Алайда, күндіз күн әлі де жылы болады.
17 қазанда солтүстікте 5-10 градус жылы болады.
Бүгінге дейін оңтүстік өңірлерде күн жылы болса, бұл жолы қыстың ызғары сезіледі. Антициклон шығысқа қарай жылжып, түнде және күндіз ауа температурасы төмендейді. Сонымен қатар жаңбыр қарға ұласып, жауын тек тауларда ғана емес, сонымен қатар оңтүстік-шығыс аймақтардың қалған бөлігінде де болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!